Пентагон: Ресей Украинамен соғыста КХДР зымырандарын қолданып жатыр

Зымыран қалдықтарына зерттеу жасалды

Админ
31/05/2024 - 15:58

Фото: Bild

Фото: Bild

Ресей әскерилері Украинамен соғыста Солтүстік Кореяда жасалған баллистикалық зымырандарды қолданып жатыр. АҚШ қорғаныс министрлігі Украинада табылған зымыран қалдықтарына зерттеу  жасады. Бұл туралы Sarbaz.kz тілшісі Bild басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Пентагонның барлау агенттігі Солтүстік Кореяның қысқа қашықтықтағы баллистикалық зымырандарының сынықтары қаңтар айында Украинаның солтүстік-шығысында, Харьков маңында табылғанын хабарлады.

Сарапшылар оларды КХДР мемлекеттік БАҚ-та жарияланған сол зымырандардың фотосуреттерімен салыстырып, бірдей оқ-дәрілер деген қорытындыға келді.

Айта кетейік, Джо Байден Украинаның Ресейге шабуыл жасауы үшін АҚШ қаруын қолдануына рұқсат берді.

Ақ үй Украина өзіне шабуыл жасаған немесе шабуылға дайындалып жатқан ресейлік күштерге жауап қайтара алуы керек деп санайды.

×

Редакция

$ 494.87  520.65  4.91