Байден Украинаның Ресейге шабуыл жасауы үшін АҚШ қаруын қолдануына рұқсат берді

Ақ үй Украина өзіне шабуыл жасаған немесе шабуылға дайындалып жатқан ресейлік күштерге жауап қайтара алуы керек деп санайды

Админ
31/05/2024 - 12:29

Фото: Bild

Фото: Bild

АҚШ президенті Джо Байден Украина әскерінің Ресей аумағына шабуыл жасау үшін АҚШ-тан жеткізілген қаруды қолдануға тыйым салған шектеулерді алып тастады. Бұл туралы Sarbaz.kz тілшісі Bild басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Алайда, Байденнің бұл шешімі Харьковты қорғауға ғана қатысты, дейді АҚШ үкіметі.

«Президент жақында өз командасына Украинаның Харьков аймағында Ресейге қарсы шабуылдар үшін АҚШ-тың қару-жарағын пайдалана алуын қамтамасыз етуді тапсырды», - деп толықтырды ол.

Ақ үй Украина өзіне шабуыл жасаған немесе шабуылға дайындалып жатқан ресейлік күштерге жауап қайтара алуы керек деп санайды.

Ақ үй АҚШ-тың Ресей территориясына шабуыл жасау үшін ATACMS зымырандарын немесе алыс қашықтыққа ұшатын зымырандарды пайдалануға қатысты тыйымның өзгермегенін атап өтті. Дегенмен, бұған дейін АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен Байденнің бұл мәселеге қатысты ұстанымы өзгеруі мүмкін екенін атап өтті.

Соңғы апталарда Украина президенті Владимир Зеленский батыстық одақтастарды Украина Қарулы Күштеріне Киевке жеткізілген қаруды пайдаланып, Ресей аумағындағы нысандарға соққы жасауына рұқсат беруге бірнеше рет шақырды. Оның айтуынша, мамыр айының ортасында Ресей әскері Харьков облысына шабуыл жасап, кейбір аудандарда бекініп үлгерді.

Тегтер

×

Редакция

$ 474.26  514.48  5.43