Словения үкіметі Палестинаны тәуелсіз мемлекет ретінде мойындады

Палестинаның тәуелсіздігін БҰҰ-ға мүше 140-тан астам ел мойындады

Админ
31/05/2024 - 09:43

Фото: AP

Фото: AP

Словения үкіметі Палестинаны мемлекет ретінде ресми мойындайтынын мәлімдеді. Осылайша бірнеше күн бұрын дәл осындай шешім қабылдаған Ирландия, Испания және Норвегия елдерінің қатарына қосылу туралы шешім қабылдады. Бұл туралы Sarbaz.kz тілшісі Euronews агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Словения үкіметі үйінің жанында Палестина туы желбіреді.

Словения үкіметінің басшысы Роберт Голоб ел парламентін қолдауға шақырды. Депутаттар бұл мәселені келесі аптада талқыламақ. Голобтың билеуші ​​​​либералдық коалициясы басымдыққа ие және дауыс тек формальды болуы мүмкін.

Любляна мамыр айының басында Палестинаны тәуелсіз ел ретінде мойындау процесін бастаған. Осыдан кейін ел билігі Газа секторындағы жағдай жақсарғаннан кейін шешім қабылданатынын мәлімдеді. Алайда, Израильдің Рафахтағы босқындар лагеріне жасаған соққыларынан кейін Словения бұл процедураны жеделдету туралы шешім қабылдады.

Айта кетерлігі, осыған дейін Израильдің шабуылынан 40-тан астам бейбіт тұрғын қаза болғаны хабарланған.

Палестинаның тәуелсіздігін БҰҰ-ға мүше 140-тан астам ел мойындады.

Израиль әлем елдерінің мұндай шешімін айыптап, терроризмді ынталандыру деп атады. Палестинаның егемендігін мойындаған бірнеше елден Израиль елшілері кері қайтарылды.

×

Редакция

$ 494.87  520.65  4.91