Украина НАТО қаруымен Ресейге соққы жасауы мүмкін

Кремль НАТО елдеріне ескерту жасады

Админ
31/05/2024 - 09:02

Фото: Euronews

Фото: Euronews

Прагада НАТО-ға мүше елдердің сыртқы істер министрлері кездесті. Басқосуда Украинаға Батыс елдерінің алыс қашықтықтағы қаруымен Ресей аумағына шабуыл жасауына рұқсат беру мүмкіндігі талқыланды. Бұл туралы Sarbaz.kz.kz тілшісі Euronews агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Айта кетерлігі, Батыс елдері Киевке мұндай қару түрлерін берер алдын Ресей аумағына соққы жасауына шектеу қойған. Себебі, НАТО Украинадағы соғыс Мәскеу мен альянс арасындағы тікелей әскери қақтығысқа айналады деп қауіптенеді.

Сонымен қатар, НАТО Киевке көмек көрсетуді үйлестірудегі рөлін арттыруды талқылап жатыр. Осылайша бұл мәселеде Вашингтонның рөлі әлсіремек.

«Украина әлі де жеңіске жете алады, бірақ НАТО одақтастарының сенімді қолдауымен ғана. Сондықтан шілде айында өтетін саммитте біз өз қолдауымызды күшейтіп, қауіпсіздік пен әскери оқыту бойынша көмекті үйлестірудегі НАТО-ның рөлін арттырып, көпжақты көмек көрсету жөнінде қаржылық міндеттемелерді кеңейтуді жоспарлап отырмыз», – дейді НАТО-ның Бас хатшысы Йенс Столтенберг.

Өз кезегінде Кремль де үнсіз қалған жоқ. Мәскеу Украинаның Батыс қаруымен Ресей аумағына шабуыл жасауы НАТО елдеріне үлкен зардап әкелетінін ескертті.

Тегтер

×

Редакция

$ 479.23  534.96  5.16