Еуроодақ Ресей астығының импорты үшін тарифтерді көтеретін болды

Еуроодақтың сауда комиссары бұл шешім 1 шілдеден бастап күшіне енетінін айтты

Админ
30/05/2024 - 16:42

Фото: ТАСС/Иван Ноябрев

Фото: ТАСС/Иван Ноябрев

Еуропа Одағының 27 елі Ресейден келетін астық импорты үшін тарифтерді көтеру туралы келісімге келді. Бұл туралы Sarbaz.kz тілшісі Bild басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Еуроодақтың сауда комиссары Валдис Домбровскис 1 шілдеден бастап Ресей мен Беларусьтен дәнді және майлы дақылдарға импорттық баж салығы күшіне енеді деп мәлімдеді.

Басылым мәліметінше, осылайша, Еуропа Одағы өзгелермен бірге «ресейлік астық арқылы ауыл шаруашылығы секторының тұрақсыздануына» жол бермейді.

«Тарифтер сонымен қатар Ресейдің Украинадағы соғысын қаржыландыру үшін табысын шектеуге көмектеседі. Бұған қоса, Ресейдің бұдан былай Еуропа нарығына «ұрланған украиналық астықты» еркін импорттамайтынына кепілдік беріледі», - деді Валдис Домбровскис.

×

Редакция

$ 494.87  520.65  4.91