Ресейдің шабуылынан Донецк пен Херсонда бірнеше бейбіт тұрғын қаза болды

Қаза болғандар арасында франциялық еріктілер де бар

Админ
30/05/2024 - 15:57

Фото: Euronews

Фото: Euronews

Ресейдің Донецк облысы мен Херсондағы ауылдарға жасаған соққыларынан үйлер қирап, кемінде 5 адам қаза тапты. Бұл туралы Sarbaz.kz тілшісі Euronews агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Ресей Донецк облысының оңтүстігіндегі Украинаның бақылауындағы аумақтарға шабуылын күшейтті. Соңғы екі күнде Селидово жеріндегі тұрғын үйлерді атқылау салдарынан кем дегенде 2 адам қаза тапты.

Украинаның төтенше жағдайлар жөніндегі мемлекеттік қызметі үйінділер астынан шығарылған мәйіттер арасында 13 жастағы бала мен 53 жастағы ер адамның денесі бар екенін хабарлады.

Ресей әскері осы аймақта Алексеево-Дружковка ауылына да шабуыл жасады. Салдарынан 7 адам зардап шекті, сол сияқты 100-ден астам үйге зақым келді.

Донецктің маңызды қалаларының бірі Краматорск қаласынан 12 шақырымдай жерде орналасқан ауыл Украина әскерінің бақылауында. Олардың айтуынша, Ресей соққыны қуатты бомбаларды қолдану арқылы бастаған.

Сондай-ақ, мұндай қару Херсонның Берия ауданында қолданылған, онда үш адам қаза тауып, бірнеше адам жараланған, олардың арасында франциялық еріктілер де бар.

Жергілікті билік Ресей бейбіт тұрғындарды қорқытып отырғанын мәлімдеді.

×

Редакция

$ 494.87  520.65  4.91