Заңсыз крипто айырбастаумен айналысқан азамат ұсталды – ҚМА

Ол заңсыз жолмен 358 млн теңге табыс тапқан

Админ
30/05/2024 - 14:52

Фото: Telegram / АФМ Channel / Видеодан скриншот

Фото: Telegram / АФМ Channel / Видеодан скриншот

Қаржылық мониторинг агенттігі арнайы рұқсаты жоқ заңсыз крипто айырбастаумен айналысқан кәсіпкерлік қызметті тоқтатты. Бұл туралы Sarbaz.kz тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Күдікті 2020-2022 жылдар аралығында Қостанай облысының Тобыл қаласында қамтамасыз етілмеген цифрлық активтердің айналымын жүзеге асырып, тыйым салынған кәсіпкерлік қызметпен айналысқан.

Ол веб-сайт арқылы қамтамасыз етілмеген Bitcoin цифрлық активін ұлттық валютаға теңгемен сатып алу-сатуды жүзеге асырған. Осы арқылы 358 млн теңге сомасында, яғни аса ірі мөлшерде табыс тапқан.

«Сот аталған азаматты кінәлі деп танып, екі жылға бас бостандығын шектеуге үкім шығарды және екі жыл мерзімге цифрлық активтердің, цифрлық майнингтің шығарылуы мен айналымына байланысты қызметпен айналысу құқығынан айырды», - делінген хабарламада.

×

Редакция

$ 494.87  520.65  4.91