БҰҰ: Газа секторы «жердегі тозаққа» ұқсайды

Халықаралық сот Израильге Рафахтағы әскери әрекеттерін дереу тоқтату туралы шешім шығарған

Админ
30/05/2024 - 11:28

Фото: aa.com.tr

Фото: aa.com.tr

Израиль армиясының шабуылынан Газа секторы «жердегі тозаққа» ұқсайды. Бұл туралы Біріккен Ұлттар Ұйымының Таяу Шығыстағы палестиналық босқындарға көмек көрсету агенттігінің (UNRWA) мәлімдемесінде айтылған, деп хабарлайды Sarbaz.kz тілшісі «Анадолы» агенттігіне сілтеме жасап.

UNRWA мәліметінше, Рафах қаласында палестиналықтар лагеріне жасалған шабуыл осыны тағы бір рет дәлелдейді.

UNRWA Газада қауіпсіз жер қалмағанын және Рафах аймағындағы қызметкерлерімен байланысы үзілгенін айрықша атап өтті.

«Біз олармен (UNRWA қызметкерлері) байланысқа шыға алмай отырмыз және осы аймақта бассауғалаған адамдардың қауіпсіздігіне қатты алаңдаймыз», - делінген хабарламада.

Айта кетейік, өткен жексенбі күні кешке Газа секторының оңтүстігіндегі Рафах қаласына жақын жерде Израильдің әуе күштері соққы жасады. ХАМАС-тың бақылауындағы денсаулық сақтау министрлігі 50-ден астам адам қаза тауып, ондаған адам жараланғанын хабарлады. Сондай-ақ қоныс аударған бейбіт тұрғындар тұратын лагерьде өрт шыққаны айтылды.

Осыған дейін Халықаралық сот Израильге Рафахтағы әскери әрекеттерін дереу тоқтату туралы шешім шығарған.

×

Редакция

$ 494.87  520.65  4.91