Солтүстік Корея Жапония теңізіне қарата баллистикалық зымырандарын ұшырды

Оңтүстік Корея КХДР-дың бұл әрекетін қатаң айыптады

Админ
30/05/2024 - 09:35

Фото: KCNA/AFP

Фото: KCNA/AFP

Солтүстік Корея Жапония теңізіне қарата 10-ға жуық қысқа қашықтықтағы баллистикалық зымыран ұшырды, деп хабарлады Оңтүстік Кореяның Біріккен штабы. Бұл туралы Sarbaz.kz тілшісі DW басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Зымырандар таңғы сағат 6:14-те Пхеньяндағы Сунан ауданынан атылғаны және Жапония теңізіне құлағанға дейін шамамен 350 шақырым ұшып өткені белгілі болды.

«Солтүстік Корея зымыран ұшыруды сыртқы әлемге хабар ретінде пайдаланады. Ал бір уақытта 10-ға жуық зымыран ұшырған күтпеген жайт болды», - деп атап өтті журналистер.

Оңтүстік Кореяның әскери басшылығы Солтүстік Кореяның бұл әрекетін Корей түбегіне қатаң айыптап, «арандатушылық актісі» екенін айтты. Сол сияқты қатаң жауап беруге уәде берді.

Жапония үкіметі де Пхеньян ұшырған зымырандардың баллистикалық болуы мүмкін деген ақпаратты растады. Премьер-министр Фумио Кисида айтқандай, зымырандар Жапонияның айрықша экономикалық аймағынан тыс жерге құлаған және олардан ешқандай шығын тіркелмеген.

Моделіне байланысты баллистикалық зымырандар ядролық оқтұмсықпен жабдықталуы мүмкін. Солтүстік Кореяның мұндай зымырандарды сынауы БҰҰ-ның Пхеньянға салған тыйымына қайшы келеді. Пхеньян осыған дейін 17 мамырда баллистикалық зымырандарды сынақтан өткізген болатын.

×

Редакция

$ 494.87  520.65  4.91