Ресейде әскери комиссариатты жарып жібермек болды деген адам 15 жылға сотталды

Әскери сот бірнеше іс бойынша үкім шығарды

Sarbaz.kz редакторы
29/05/2024 - 17:41

Фото: gamn.org

Фото: gamn.org

Батыс округінің 2-ші әскери соты Брянск облысындағы Стародуб қаласының тұрғыны 41 жастағы Дмитрий Подстригаевты қатаң режимдегі колонияда 15 жылға бас бостандығынан айырды. Бұл туралы Sarbaz.kz тілшісі BBC агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Агенттік мәліметінше, ол әскери комиссариатты жарып жіберуге әрекеттеген болуы мүмкін.

Ол мемлекетке опасыздық жасау (РФ Қылмыстық кодексінің 275-бабы), терроризмге жәрдемдесу (РФ Қылмыстық кодексінің 205.1-бабының 3-бөлігі) және қауіпсіздік қызметкерінің өміріне шабуыл жасауға дайындалды (Ресей Федерациясының Қылмыстық кодексінің 30-бабының 1-бөлігі және 317-бабы) деген айыптармен сотталды.

2024 жылдың 17 сәуірінде Подстригаевтың ісінің материалдары әскери сотқа тіркелген кезде, ФСБ облыстық департаменті аты-жөні аталмаған ер адамды ұстағанын хабарлады.

Ресей барлау қызметінің мәліметі бойынша, бұл адам әскери комиссариат ғимаратын суретке түсіріп, одан кейін жарылғыш заттармен «Стародуб қаласына барғаны жазылады. Агенттік Подстригаев ісі мен ФСБ баспасөз хабарламасындағы сәйкестіктерге назар аударады.

×

Редакция

$ 494.87  520.65  4.91