ӘЧ. Әйелдер арасында винтовкамен нысана көздеуден отандық спортшылар финалға шыға алмады

Админ
20/08/2023 - 23:19

Спортты дамыту дирекциясы

Спортты дамыту дирекциясы

Әзербайжан астанасы Бакудегі нысана көздеуден 53-ші әлем чемпионатында әйелдер арасында пневматикалық винтовкамен 10 метрден оқ ату сайысы өтіп жатыр, деп хабарлайды Sarbaz.kz.

Спортты дамыту дирекциясы Қазақстан құрамасы спортшыларының іріктеу кезеңіндегі нәтижесін ұсынды:

Елизавета Безрукова – 18-орын (629.0 ұпай)

Александра Ле – 47-орын (626.4 ұпай)

Анастасия Григорьева – 85-орын (622.8 ұпай).

Мұнда барлығы 140 спортшы іріктеуде сынға түсті. Финалға ең көп ұпай жинаған 8 мерген шықты. Олардың арасындағы жарыс енді басталды. Барлық финалды Халықаралық нысана көздеу федерациясының (ISSF) YouTube арнасы тікелей эфирде көрсетеді.

Сәл ертеректе ерлер арасында осы бағдарламада Ислам Сатпаев финалда 4-орын алып, Париж Олимпиадасының жолдамасына иелік етті.

Ал Константин Малиновский 64-орын (624,1 ұпай), Илья Федин 72-орынға (623,1 ұпай) тұрақтады.

Тегтер

×

Редакция

$ 481.84  531.33  5.07