Ресей мен Украина арасында әскери тұтқындарды алмасу бірнеше айдан бері тоқтап тұр

Ресей бұл істе Украинаны айыптап отыр

Sarbaz.kz редакторы
29/05/2024 - 15:58

Фото: РИА Новости / Валерий Мельников

Фото: РИА Новости / Валерий Мельников

Ресейдің адам құқықтары жөніндегі уәкілі Татьяна Москалькова Ресей мен Украина арасындағы әскери тұтқындарды айырбастау «Украинаның қисынсыз талаптарына» байланысты бірнеше айға тоқтатылғанын айтты. Бұл туралы Sarbaz.kz тілшісі BBC агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

«Өкінішке қарай, бірнеше ай бойы үнемі шамадан тыс талаптар қоятын Украинаның кесірінен алмасулар тоқтатылды», - дейді Москалькова.

Киев ресейлік омбудсменнің сөзіне түсініктеме берген жоқ.

Уәкілдің айтуынша, қол жеткізілген соңғы келісім тұтқындарға үйден заттар мен хаттарды беру болды.

«Біз Украина Омбудсменімен және Халықаралық Қызыл Крест комитетімен диалог жүргізіп жатырмыз. Украина омбудсмені біздің әскери тұтқындарымызға, ал біз украиналық әскери қызметкерлерге барамыз. Екі жақтың 700-ден астам азаматы келіп, балалардың үйлерінен заттарды, хаттарды, жазбаларды тасымалдау туралы келісімге келді», - деді Москалькова мұндай гуманитарлық дәлізді Ресей билігі қолдайтынын және жұмысын жалғастыратынын түсіндірді.

Ресей мен Украина Мәскеу жаппай басып кіруді бастағаннан бері делдалдар арқылы мерзімді түрде тұтқындармен алмасып отырады.

Айта кетейік, 100-100 формуласы бойынша соңғы тұтқындарды алмасу БАӘ-нің делдалдылығымен 8 ақпанда өтті.

Тегтер

×

Редакция

$ 475.39  513.37  5.4