Шольц пен Макрон Израильді Рафахтағы шабуылды тоқтатуға шақырды

Макрон өз сөзінде Рафахтағы жағдайды қорқынышты деп атады

Sarbaz.kz редакторы
29/05/2024 - 15:22

Фото: Bild

Фото: Bild

Франция президенті Эммануэль Макронмен және Германия канцлері Олаф Шольцпен өткен баспасөз мәслихатында Рафахтағы жағдай айтылды. Бұл туралы Sarbaz.kz тілшісі Bild басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Макрон өз сөзінде Рафахтағы жағдайды қорқынышты деп атады. Сөз арасында Израиль Рафахтағы соғысты тоқтату керек екенін айтты.

Франция ХАМАС-тың Израильге жасаған шабуылын о бастан айыптады және Израильдің өзін-өзі қорғау құқығын қолдады, бірақ кез келген демократия сияқты халықаралық құқыққа сәйкес, деді Макрон.

«Израиль өз әрекеттерінде халықаралық құқықты құрметтеуі тиіс. Босқындар лагерін атқылау салдарынан көптеген адам құрбан болған жағдай қайғылы оқиға болды.

Бұл жағдай Германияның, көптеген басқа елдер сияқты, Рафахтағы кең ауқымды құрлық шабуылына неліктен бірнеше рет қарсылық танытқанын тағы бір рет көрсетеді. Өйткені ол жерде бейбіт тұрғындарды қорғау мүмкін емес», - деді Шольц.

Тегтер

×

Редакция

$ 479.23  534.96  5.16