Ол 2023 жылғы қаңтарда Шымкентте алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобымен кісі өлтірген
Бас прокуратураның қызметкерлері Қазақстан азаматын адам өлтіргені үшін қылмыстық жауаптылыққа тарту мақсатында Ресейден экстрадициялады. Бұл туралы Sarbaz.kz тілшісі Бас прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Ол 2023 жылғы қаңтарда Шымкент қаласында алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобымен кісі өлтірген.
«Күдіктінің сыбайластары түрлі жазалар бойынша сотталды, ал фигурант қылмыс жасағаннан кейін жасырынуына байланысты халықаралық іздестіруге жарияланған.
Өткен жылғы желтоқсанда ол Ресей Федерациясының аумағында ұсталды.
Қазақстан Бас прокуратурасының сұрауы бойынша ресейлік тарап күдіктіні Қазақстан Республикасына экстрадициялау туралы шешім қабылдады. Қазіргі уақытта күдікті тергеу изоляторына қамалды», - делінген хабарламада.
Бас прокуратура мәліметінше, айыпталған қылмысты жасағаны үшін оған 15 жылдан 20 жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыру немесе өмiр бойына бас бостандығынан айыру түріндегі жаза қарастырылған.