Грузия парламенті шетелдік агенттер туралы даулы заңды ақыры қабылдады

Билік жаңа заң шетелдіктердің ішкі саясатқа ықпал ету әрекетін тоқтату үшін қажет деп санайды

Sarbaz.kz редакторы
29/05/2024 - 10:01

Фото: Euronews

Фото: Euronews

Грузия парламенті президент Зурабишвили қойған ветоға, сол сияқты қарсылық білдіріп митингке шыққандардың пікіріне қарамастан «Шетелдік ықпалдың ашықтығы туралы» заңды қабылдады. Бұл туралы Sarbaz.kz тілшісі Euronews агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Агенттік мәліметінше, сыншылар бұл заңды ресейлік деп санайды.

Грузия парламенті шетелдік агенттер туралы даулы заңды ақыры қабылдады. Жаңа заңға сәйкес, қаражатының кем дегенде 20 пайызын шетелден алатын ұйымдарды «шетелдік державаның мүддесін көздейтін агент» ретінде тіркейді. Ал заң талаптары орындалмаған жағдайда қомақты айыппұлдар салынады.

Билік жаңа заң шетелдіктердің ішкі саясатқа ықпал ету әрекетін тоқтату үшін қажет деп санайды.

Алайда сыншылар бұл заң сөз бостандығын айтарлықтай шектейді, сонымен қатар Грузияның ЕО-ға кіру әрекетіне кері әсер етеді дейді.

Өз кезегінде Грузия президенті Саломе Зурабишвили – құжатты сынға алғандардың бірі әрі ол жаңа заң Кремль заңнамасынан көшірілген деп санап, оған вето қойды.

Дегенмен парламенттік комитет президенттің шешімін жойып, толықтай мақұлдауға мүмкіндік берді. Негізінен билеуші ​​«Грузинская мечта» партиясының 84 депутаты президент ветосын жоюға дауыс берді. Президенттің ветосын жоққа шығару үшін 150-ден кем дегенде 76 парламенттік дауыс қажет болатын.

Бұл заңның қабылдануы Грузия қоғамының басым бөлігінің наразылығын тудырып, АҚШ пен Еуропа Одағының тарапынан сынға ұшырап, Тбилисиде ауқымды наразылық тудырды. Халық заң жобасына тосқауыл қоюға тырысты.

Полиция ондаған адамды қамауға алды.

Тегтер

×

Редакция

$ 479.23  534.96  5.16