Олар бұрын ұзақ уақыт шетелде өмір сүріп, радикалды діни идеологияға тартылған
ҰҚК прокуратураның үйлестіруі және Алматы қаласы полициясының көмегімен терроризмді насихаттады деген күдікпен 2 шетелдік азаматты ұстады. Бұл туралы Sarbaz.kz тілшісі ҚР ҰҚК-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Тергеу мәліметі бойынша олар бұрын ұзақ уақыт шетелде өмір сүріп, радикалды діни идеологияға тартылған.
«Қазақстанға биыл келген, тұрақты жұмыстары болмаған.
Қылмыстық кодекстің 256-бабының 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды», - делінген хабарламада.