Латвия әскери дрон құрастыру үшін 20 млн еуро бөлуді жоспарлап отыр

Осы жазда дрондарды сынақтан өткізетін алаң пайдалануға беріледі

Админ
29/05/2024 - 09:24

Фото: Valentyn Ogirenko/Reuters

Фото: Valentyn Ogirenko/Reuters

Латвия биыл әскери дрон жасап шығару үшін 20 миллион еуро бөлуді жоспарлап отыр. Бұл туралы Sarbaz.kz.kz тілшісі Bild басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

«Метафоралық түрде біз ұшқышсыз ұшақтар армиясын құру туралы айтып отырмыз», - деді Латвияның қорғаныс министрі Андрис Спрудс.

Инвестициялар инфрақұрылымды дамытуға да, ұшқышсыз ұшақтарды, оның ішінде латвиялық компаниялардан сатып алуға да бағытталады.

«Біз бүкіл экожүйені және сонымен бірге осы технологияларды қарулы күштеріміз үшін де, Украинаны қолдау үшін де инновациялық түрде құрастыруға, дамытуға және қамтамасыз етуге қабілетті өзіміздің индустриямызды күшейтіп жатырмыз», - деді министр.

Осы жазда Латвияның Селиядағы әскери базасында ұшқышсыз ұшатын аппараттарды сынақтан өткізу алаңы пайдалануға беріледі. Сондай-ақ, ұшқышсыз ұшақтар операторлары үшін тренингтер өтеді, ал айдың соңында «Украинаға арналған дрондар» деп аталатын идеялар хакатоны өтеді», деді Спрудс.

×

Редакция

$ 490.84  536.88  5.04