Тау-кен құтқарушылары ауыстырылды
Төтенше жағдайжы жою жұмыстары ТЖ министрі Сырым Шәріпхановтың бақылауында, деп хабарлайды Sarbaz.kz.
Тау-кен құтқарушылары ауыстырылды. КӘАҚҚ РШО ЖШС басшылығымен тау-кен құтқарушыларының жаңа ауысымының алдына міндеттер қойылды.
Сағат 22:40-та бесінші тау-кен жұмысшысының денесі табылды.
Бесінші қаза тапқан тау кен жұмысшысы КӘАҚҚ РШО ЖШС взвод командирі Гайнуллин Ришаттың басшылық еткен екі бөлімше күшімен табылды.
Іздестіру жұмыстары апаттық учаскедегі қазбалардың үздіксіз түтіні және жоғары температура салдарынан қиындауда.
Тау-кен құтқарушылары өрт ошақтарын сөндірудің белсенді кезеңіне кірісуде.