Лукашенко: Еуроодақ АҚШ-пен дауласудан қорқады

Беларусь президенті Украинадағы соғыс туралы еуропалықтардың көзқарасы жайлы айтты

Sarbaz.kz редакторы
28/05/2024 - 17:27

Фото: БелТА

Фото: БелТА

Еуроодақ Украинадағы әскери қақтығыстың қажет емес екенін түсінеді, бірақ АҚШ-пен дауласудан қорқады. Бұл туралы Беларусь президенті Александр Лукашенко мәлімдеді, деп хабарлайды Sarbaz.kz тілшісі EurAsia Daily басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

«Түрлі мақсаттар. Еуропа бұл соғыс олардың жерінде жүріп жатқанын түсініп отыр. Соғыс болмауы керек, оның қажеті жоқ», - деді ол.

Оның айтуынша, америкалықтар Еуроодақ өкілдерінің пікірін және олардың қақтығысты тезірек шешуге мүдделі екеніне мән бермейді.

«Еуропалықтар былай дейді: «Америкалықтарға бәрібір. Соғыс біздің жерімізде жүріп жатыр. Біз оны қаламаймыз». Бұл тікелей, ашық мәлімдеме деп есептеймін», - деді Беларусь президенті.

Оның пікірінше, еуропалықтар соғыстың жалғасуына қарсы, алайда АҚШ-тан қорыққандықтан, америкалықтардың жолын ұстанып, қарсылық білдірмейді. Бұл ретте Лукашенко бұл тақырыпты ресейлік әріптесі Владимир Путинмен сұхбатында талқылағанын айтты.

«АҚШ-қа толықтай тәуелділік... Ақшаны олар басып шығарып, Украинаға береді. Ал біз оның бәрін инфляция түрінде тұтынамыз», - деп есептейді Лукашенко.

×

Редакция

$ 494.87  520.65  4.91