Франция әскери нұсқаушыларын Украинаға жібереді

Макрон Париждегі конференцияда Украинаға әскер жіберу мәселесін қозғаған

Sarbaz.kz редакторы
28/05/2024 - 16:58

Фото: Benoit Tessier / Reuters

Фото: Benoit Tessier / Reuters

Украина Францияның әскери нұсқаушыларының жақын арада елдегі оқу орталықтарына келуге рұқсат беретін құжаттарға қол қойды. Бұл туралы Sarbaz.kz Украина қорғаныс министрлігіне сілтеме жасап хабарлайды.

«Францияның украиналық әскерилерді оқыту үшін нұсқаушылар жіберу туралы бастамасын қуана құптаймын. Мен жақын арада алғашқы француз нұсқаушыларына біздегі оқу орталықтарына келіп, олардың инфрақұрылымы мен жеке құрамымен танысуға мүмкіндік беретін құжаттарға қол қойдым», - деп жазды Украина Қарулы Күштерінің бас қолбасшысы Александр Сырский Францияның қорғаныс министрі Себастьян Лекорнмен келіссөздерден кейін.

Франция президенті Эммануэль Макрон 26 ақпанда Парижде өткен конференцияда Украинаға әскер жіберу мәселесін айтып қалған болатын.

«Украина жерінде оқу-жаттығу – 26 ақпанда республика президенті шақырған Украинаға қолдау көрсету жөніндегі конференция қорытындысы бойынша талқыланған жобалардың бірі», - деп хабарлады Франция қорғаныс министрлігі.

×

Редакция

$ 495.2  522.34  4.94