Сот оған ешқандай жеңілдік жасаған жоқ
Татарстанның Жоғарғы соты қазандық белсенді Зульфия Ситдикованы «9 waя» және «Соғысқа жол жоқ» деген жазуы бар плакаттары үшін екі жылға шартты түрде бас бостандығынан айырды және алты айға түзеу жұмыстарына жегу туралы үкім шығарды. Бұл туралы Sarbaz.kz тілшісі BBC агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.
Сонымен қатар, белсендіге екі жылға Ресей армиясының қызметі туралы ақпаратты көпшілікке таратуға байланысты қызметпен айналысуға тыйым салынды.
Ситдикова соғысқа қарсы екі плакаты үшін «нацизмді ақтау» (РФ ҚК 354.1-бабының 3-бөлігі) және «әскердің беделін түсіргені» (РФ ҚК 280.3-бабының 1-бөлігі) үшін айыпталған. Олардың бірінде «9 waя», ал екіншісінде «Соғысқа жол жоқ» деген жазу бар.
Белсенді бірінші плакатпен өткен жылдың мамыр айының соңында ұсталып, хаттама жасамай босатылған. Екінші плакат Қазан қаласындағы Жеңіс саябағындағы Мәңгілік алаудың жанынан табылды. Сот «9 wая» плакатын жоюды міндеттеді.
Айыптаушы тарап Ситдикованы жазасын үш жыл колонияда өтеуді және 200 мың рубль айыппұл төлеуді сұрады. Мамыр айының басында қазылар алқасы белсендіні кінәлі деп тауып, оны жеңілдікке лайық емес деп тапты.