ҚТЖ-ның лауазымды тұлғалары жемқорлық жасағаны үшін сотталды – Антикор

Олар дизель отынын және теміржол кранын жөндеуге бөлінген қаражатты жымқырған

Sarbaz.kz редакторы
27/05/2024 - 17:30

Фото: «ҚТЖ» ҰК» АҚ

Фото: «ҚТЖ» ҰК» АҚ

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі ҚТЖ-ның Қостанайдағы лауазымды тұлғалары жемқорлық жасағаны үшін сотталғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Sarbaz.kz.

Ведомство мәліметінше, Бейімбет Майлин ауданының соты «ҚТЖ – Жүк тасымалы» ЖШС филиалының Қостанай пайдалану локомотив депосының бастығы А.Махмутовқа, оның орынбасары Ж.Сырмановқа, жылу технигі Б.Серікұлына және «Қазақстан-ОЭК» СҮ» ЖШС Тобыл станциясының отын қоймасының бастығы К. Елюсиновқа қатысты үкім жариялады.

«Олар ҚТЖ дизель отынын және теміржол кранын жөндеуге бөлінген қаражатты жалпы сомасы 12 млн теңгеге жымқырғаны үшін кінәлі деп танылды.

Махмұтов, Сырманов, Елюсинов 3 жылдан 4 жыл 6 айға дейін бас бостандығынан айыруға, Серікұлы 3 жылға бас бостандығынан шектеуге сотталды.

Сонымен қатар, сотталғандар өмір бойы мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан айырылады.Үкім заңды күшіне енген жоқ», - делінген хабарламада.

×

Редакция

$ 488.45  529.19  5.04