Ердоған: Нетаньяху үкіметі Гитлер сияқты қарғыспен еске алынады

Израильдің шабуылынан Рафахта ондаған бейбіт тұрғын қаза болды

Sarbaz.kz редакторы
27/05/2024 - 16:45

Фото: TRT

Фото: TRT

Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған Газа секторында қырғын салып жатқан Израиль әкімшілігі Гитлер сияқты қарғысқа ұшырайтынын мәлімдеді. Бұл туралы Sarbaz.kz тілшісі TRT сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Басылым мәліметінше, Ердоған Ыстанбұлда өткен «Түркия ғасыры Ата Заңы. Азаматтық Конституция күшті Түркия» симпозиумында үн қатты.

Ердоған Израильдің Газа секторында қауіпсіз аймақ деп жарияланған Рафахтағы босқындар лагеріне зымырандық шабуыл жасауына наразылық білдірді.

«Бұл қырғын лаңкестік мемлекеттің сатқын жүзін тағы бір рет әшкереледі. Израиль премьер-министрі Беньямин Нетаньяху өз елінде тығырыққа тірелді. Ол саяси өмірін бұдан артық қанмен ұзарта алмайды. Олар дәл өзі еліктеген Гитлер (1889-1945) сияқты қарғыспен еске алудан құтыла алмайды», - деді.

Израиль армиясының Газа секторындағы Рафах қаласында қоныс аударған палестиналықтардың шатырларына жасаған шабуылда алғашқы болжам бойынша 50 палестиналық қаза тапты.

×

Редакция

$ 498.34  519.72  4.85