АҚШ-тың ескірген зымыраны Ресейдің ең мықты зениттік жүйесін жойып жіберді

АҚШ-тың қаруы 35 жыл бұрын әзірленген

Sarbaz.kz редакторы
27/05/2024 - 15:58

Фото: Bild

Фото: Bild

Ресейдің ең мықты саналатын С-400 зениттік жүйесі АҚШ-тың ескірген ATACMS зымыранымен жойылды. Бұл туралы Sarbaz.kz тілшісі Bild басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Өткен аптада Украина қарулы күштері Донецк облысындағы Моспино аэродромының маңындағы Ресей қарулы күштерінің позицияларына шабуыл жасады.

Шабуыл барысында америкалық ATACMS Block 1 (M39) зымыраны қолданылды. Ол 35 жыл бұрын әзірленген, ал 2020 жылы ол ескірген техника ретінде АҚШ армиясындағы қызметтен алынып тасталды. Мін осы техника ресейлік соңғы С-400 зениттік-зымырандық кешеніне соққы жасады.

Басылымның жазуынша, Ресей осыған дейін бұл қаруды «жеңілмейтін» деп атаған. Әрбір осындай әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйесі 1 миллиард еуродан асады.

Моспино маңында С-400 жаудың оқтұмсығын тауып, оған кемінде алты зениттік зымыранды бағыттаған. Бірақ олардың ешқайсысы оны атып түсіре алған жоқ. Нәтижесінде ресейлік зымыран тасығыштары ғана емес, радиолокациялық кешен де отқа оранып кетті.

Тегтер

×

Редакция

$ 474.26  514.48  5.43