Папуа-Жаңа Гвинеяда топырақ көшкінінен қаза болғандар екі мыңнан асуы мүмкін

Қазіргі уақытта шығынның нақты санын анықтау мүмкін емес

Sarbaz.kz редакторы
27/05/2024 - 14:49

Фото: REUTERS/Emmanuel Eralia

Фото: REUTERS/Emmanuel Eralia

Папуа-Жаңа Гвинея билігі Энга провинциясындағы жойқын көшкіннен кейін халықаралық қауымдастықтан көмек сұрады. Болжам бойынша екі мыңнан астам адам апаттың құрбаны болды. Бұл туралы Sarbaz.kz тілшісі Euronews агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Папуа-Жаңа Гвинеяда жұма күнгі көшкін салдарынан 2 мыңнан астам адам тірідей көміліп қалды деген болжам бар. Бұл туралы БҰҰ-дан халықаралық көмек сұраған үкімет өкілі мәлімдеді.

Қазіргі уақытта шығынның нақты санын анықтау мүмкін емес. Болжамдар әртүрлі. Дүйсенбі күні таңертең кемінде 12 мәйіт табылды. Біріккен Ұлттар Ұйымы 150-ден астам үй үйінді астында қалғанын негізге ала отырып, із-түзсіз жоғалғандар санын 670 деп есептейді.

Адамдарды іздеу жұмсақ топыраққа байланысты қиындайды. Балшық жамылғысының қалыңдығы 6-8 метрге жетеді. Бұзылған жолдар көмек жеткізуді қиындатып отыр. Табиғи апат орнына ауыр техника әлі келген жоқ. Жергілікті тұрғындар тірі қалғандарды таяқтармен, күректермен және жалаң қолдарымен үйінділерді қазып, іздеп жатқаны хабарланды.

Қайғылы оқиға 24 мамырға қараған түні таулы аймақтағы Энга провинциясында болды. Табиғи апатқа дейін бұл аумақта 3800-ге жуық адам тұрған.

Тегтер

×

Редакция

$ 481.84  531.33  5.07