Ондаған демонстрант қамауға алынды
Арменияда наразылық білдірушілер Никол Пашинянның отставкаға кетуін талап етті. Шерушілер шекарадағы бірнеше ауылдың Әзербайжанның бақылауына өткеніне наразылық білдірді. Бұл туралы Sarbaz.kz тілшісі Euronews агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.
Арменияда бейбітшілік үдерісі аясында шекаралас төрт ауылдың Әзербайжанға берілуіне қарсы наразылықтар өтіп жатыр.
Шерушілер жолдарды жауып, премьер-министр Никол Пашинянның отставкаға кетуін талап етті. Ондаған демонстрант қамауға алынғаны хабарланды.
25 мамырда Пашинян мемлекеттік шекараны делимитациялау және демаркациялау үдерісіне қатысқан Киранц ауылының тұрғындарымен кездесті.
Жергілікті тұрғындар жер телімдері мен мүліктері Әзербайжан жағында қалады деп үрейленіп отыр.