Семейде Ұлттық ұланның 20-дан астам сарбазы білім грантына ие болды

Оларға әскери қызметін аяқтаған тұста әскери бөлім командирі табыстайтын болады

Sarbaz.kz редакторы
27/05/2024 - 09:30

Фото: «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы

Фото: «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы

«Әскери міндеттілер 2.0» сандық платформасы аясында Ұлттық ұлан сарбаздары білім грантына ие болып, жоғары оқу орындарына түспек. Бұл туралы Sarbaz.kz «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Автоматты түрде жүйеленген бағдарламада сарбаздың әскерге келген күннен бастап қызмет атқару кезіндегі бағалары, әскери дайындығы басты өлшем ретінде бағаланады. Бұдан бөлек, әскери өмірдегі жауынгерлік дағдылар, түрлі іс-шараларға белсенділікпен қатысуы да ескеріледі.

Білім серификатына ие болғандардың бірі – Әділет Әбдіхай. Түркістан облысынан шақыртылған азамат алдағы уақытта Алматы қаласындағы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінен  білім алмақ.

«Әскерге дейін Алматы қаласындағы гуманитарлық және техникалық колледжден орта білім алдым. Алдағы мақсатым жоғары білім алу болатын. Сондықтан Ұлттық біріңғай тестілеуге жатпай-тұрмай екі-үш ай дайындалу қажет деп уайымдап жүргенмін. Ұлттық ұлан қатарында грант иесі атануым мен үшін тосын сый болды. Өйткені, бір оқпен екі қоянды атқандай сезім кешіп тұрмын. Қуанышымда шек жоқ», – дейді қатардағы жауынгер Әділет Әбіқай.   

Семейдегі 5511 әскери бөлімінде жалпы саны 24 сарбаз жоғары оқу орындарына жолдама алды.  Оларға тегін білім алу сертификатын Отан алдындағы мерзімді әскери қызметін аяқтаған тұста әскери бөлім командирі салтанатты түрде табыстайтын болады.

Айта кетейік, Ұлттық ұланның «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы бойынша 60-тан астам сарбаз білім грантына ие болмақ.

×

Редакция

$ 452.92  484.99  5.12