Бір аптаның ішінде 4300 өтініш келіп түскен
зомбылықсыз жасалған болса, босатылуы мүмкін екенін түсіндірді.
«Кейбір ұқсастықтар бар, бірақ мен бұл Ресейдің істегенімен бірдей деп айта алмаймын», - деді министр.
Владимир Зеленский ақпан айында қақтығыстарда барлығы 31 мың украин сарбазының қаза тапқанын айтқан. Алайда бұл көрсеткіш өткен тамызда қаза тапқандар санын 70 мың деп есептеген АҚШ шенеуніктерінен айтарлықтай төмен.
Украина әскерінің жаңадан шақырылғандарды қалай пайдаланбақшы екені белгісіз. Бірақ билік тұтқындардың арнайы бөлімшелерде қызмет ететінін, тек қақтығыс аяқталған соң ғана босатылатынын айтты.
Ұрыс даласындағы жағдайды өзгерту үшін қызмет етуге дайын тұтқындар жеткілікті ме, жоқ па, оны анықтау керек.