Қостанайда 3 жасар бала екінші қабаттың терезесінен құлап кетті

Төтенше жағдайлар министрлігі жас балаларды үлкендердің қарауынсыз қалдырмауға шақырады

Sarbaz.kz редакторы
26/05/2024 - 09:53

kstnews.kz

kstnews.kz

Қостанайда үш жасар бала екінші қабаттың терезесінен құлап кетті, деп хабарлайды Sarbaz.kz Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қостанай қаласында үш жасар бала екінші қабаттың терезесінен құлап кетті. Оқиға бүгін түс ауа жеке үйдің аумағында болған, – делінген хабарламада.

Ақпаратқа сәйкес, сәби түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілген.

Төтенше жағдайлар министрлігі жас балаларды ересектердің қарауынсыз қалдырмауға шақырады:

– кішкентай балаларды қараусыз қалдырмаңыз;

– ешқашан москит торларына сенбеңіз. Олар құлаудан қорғауды қамтамасыз етуге арналмаған;

– балалардың балконға ересектердің еріп жүруінсіз шығуына жол бермеңіз.

×

Редакция

$ 474.83  515.38  5.5