Соғыс барысында 2 мыңнан астам украиналық бала із-түссіз жоғалған

25 мамырда Халықаралық жоғалған балалар күні атап өтіледі

Sarbaz.kz редакторы
25/05/2024 - 16:24

Hanna Sokolova-Stekh/DW

Hanna Sokolova-Stekh/DW

Жоғарғы Раданың адам құқықтары жөніндегі уәкілі Дмитрий Лубинецтің айтуынша, Ресейдің жаппай агрессиясы балалардың із-түзсіз жоғалуымен байланысты жағдайды ушықтырды, деп хабарлайды Sarbaz.kz svoboda.org сайтына сілтеме жасап.

Заңсыз депортация, ресейліктердің балаларды ұрлауы, уақытша басып алынған аумақтардағы бейберекетсіздік... Бүгінгі күні Ресейдің Украинаға қарсы соғысы салдарынан 2021 бала із-түзсіз жоғалған деп саналады, – деді Лубинец.

Сондай-ақ Ресей агрессиясы салдарынан Украинада 547 бала қаза тауып, кем дегенде 1348-і әртүрлі дәрежедегі жарақат алды.

Сонымен қатар, Украина билігінің ресми мәліметтеріне сәйкес, 2022 жылдың 24 ақпанынан бері Украинадан Ресейге 20 мыңға жуық бала депортацияланған. Бұл тек ресми тіркелген жағдайлар.

×

Редакция

$ 484.11  528.79  5.03