ҰҚК: Ұлттық тестілеу орталығының деректерін заңсыз иеленген екі азамат сотталды

Олар Ұлттық тестілеу орталығынан заңмен қорғалатын ақпаратқа заңсыз кіріп, көшірген

Sarbaz.kz редакторы
25/05/2024 - 13:34

gov.kz

gov.kz

Биылғы сәуірде Орал қаласы сотының шешімімен Батыс Қазақстан облысының екі тұрғыны Қылмыстық кодекстің 206, 250 және 198-баптарында көзделген қылмыстарды жасағаны үшін әрқайсысы 2 жыл 6 ай бас бостандығыннан айыру үкіміне кесілді.

Сондай-ақ олар коммерциялық ұйымдарда 5 жыл мерзімге басшылық лауазымдарды атқару құқығынан айрылды.

Үкім шығаруға ҰҚК-нің іс жүргізу материалдары негіз болды, оған сәйкес сотталғандар 2021-2022 жылдары Қазақстанның ғылым және жоғары білім министрлігі Ұлттық тестілеу орталығының заңмен қорғалатын ақпаратына заңсыз қол жеткізуді және көшіруді жүзеге асырған.

Үкім заңды күшіне енді.

×

Редакция

$ 498.34  519.72  4.85