Қазақстандықтарға белгісіз нөмірден келетін видеоқоңырауларға жауап бермеуге кеңес берілді

ҚР ІІМ белгісіз нөмірлерден келіп түскен бейнеқоңырауларға жауап бермеуге кеңес береді

Sarbaz.kz редакторы
25/05/2024 - 11:04

rg.ru

rg.ru

Ішкі істер министрлігі интернет-алаяқтықтың жаңа түрі туралы ескертеді, деп хабарлайды Sarbaz.kz stopfake.kz сайтына сілтеме жасап.

Қылмыскерлер танымал WhatsApp мессенджері арқылы бейнеқоңырау шалады. Алаяқтарға біреудің атына несие рәсімдеуге деректерді алу үшін бірнеше секунд сөйлессе жеткілікті.

ІІМ баспасөз қызметі қылмыстық схема туралы айтып берді.

Алаяқтар адамның бет-бейнесін түсіру үшін бейнеқоңырау арқылы хабарласады. Алаяқтар бейнеқоңырау шалып, адамның бет-әлпетін көшіріп, мобильді банкингте тексеруден өткен жағдайлар болды. Бейтаныс, әсіресе шетелдік нөмірлерден келіп түскен бейнеқоңырауларға жауап бермеңіз. Ал егер жауап берген болсаңыз, бұл туралы 102 нөмірі бойынша полиция қызметкерлеріне дереу хабарлаңыз, – деп ескертеді ҚР ІІМ баспасөз қызметі.

Тегтер

×

Редакция

$ 480.55  533.75  5.36