БҰҰ-ның Гаагадағы соты Израильге Рафахтағы операцияны тоқтатуды бұйырды

Халықаралық сот Израильге Рафах қаласындағы әскери шабуылын дереу тоқтатып, тергеушілерге Газа секторына кіруге мүмкіндік беруді бұйырды

Sarbaz.kz редакторы
25/05/2024 - 10:38

Nick Gammon/AFP/Getty Images

Nick Gammon/AFP/Getty Images

Гаагадағы халықаралық сот Израильден Газа секторының оңтүстігіндегі Рафах қаласындағы әскери операциясын тоқтатуды талап етті, деп хабарлайды Sarbaz.kz dw.com сайтына сілтеме жасап.

Үкім жұма күні, 24 мамырда, Израильді геноцид жасады деп айыптаған Оңтүстік Африканың апелляциялық шағымы қаралған соң шығарылды. Оған 15 судьяның 13-і дауыс берді, екеуі, яғни Уганда мен Израильдің өкілдері ​​қарсы болды.

Сот төрағасы Наваф Салам оқыған шешімде «Израильдің Рафахтағы әскери шабуылын және Газа секторындағы Палестина халқын «толық немесе ішінара жоқ қылатын» жағдайға әкелуі мүмкін кез келген басқа да әрекеттерін дереу тоқтатуы керек» делінген.

Сонымен қатар, сот шешімі бойынша Израиль халыққа гуманитарлық көмек жеткізу үшін Газа секторы мен Мысыр шекарасындағы Рафах өткелін ашуы, сондай-ақ палестиналықтарға қарсы геноцид туралы хабарларды тексеру үшін халықаралық инспекторларға рұқсат беруі керек.

Бір ай ішінде Израиль билігі бұйрықтың орындалуы туралы есеп беруі қажет.

×

Редакция

$ 498.34  519.72  4.85