Германия Украинаға өз әскерінде тұрған әуе қорғаныс жүйесін берді

Бұған дейін Украина Қарулы Күштері Германиядан 3 IRIS-T SLM әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйесін алған болатын

Sarbaz.kz редакторы
25/05/2024 - 11:36

Air Force Ukraine

Air Force Ukraine

Германия Украина қарулы күштеріне тағы бір IRIS-T әуе қорғаныс жүйесін берді. Ол Украина аумағына 24 мамырда келді, деп хабарлайды Sarbaz.kz Германия қорғаныс министрлігінің X әлеуметтік желісіндегі хабарламасына сілтеме жасап.

Қорғаныс министрлігінің басшысы Борис Писториустың айтуынша, IRIS-T SLM және IRIS-T SLS жүйесі неміс өнеркәсібінің мықты өнімі. Ол өзін өте заманауи әрі орта және қысқа қашықтықтағы әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйесі ретінде дәлелдеді.

Жаңадан жеткізілген Patriot жүйесімен бірге ол Украинаның Ресейдің «қатыгез және халықаралық заңсыз басқыншылық соғысына» қарсы әуе қорғанысын күшейтеді, – деді Писториус.

Бұған дейін Украина Қарулы Күштері Германиядан 3 IRIS-T SLM әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйесін және бір IRIS-T SLS жүйесін, сондай-ақ екі Patriot әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйесін алған болатын, деп хабарлайды AFP.

Украинаға әскери көмек көрсету көлемі бойынша Германия әлем елдері арасында АҚШ-тан кейін екінші орында тұр. Соғыс басталғалы бері Берлин Киевті қолдауға 28 миллиард еуроға жуық қаржы бөлді.

×

Редакция

$ 494.87  520.65  4.91