Тасқын су Атырау маңындағы Соколок каналының бөгетін бұзып кетті

Жайық өзеніндегі мол су Соколок каналымен Каспий теңізіне құйылады

Sarbaz.kz редакторы
24/05/2024 - 13:57

Фото: видеодан алынған кадр

Фото: видеодан алынған кадр

Тасқын су Атырау қаласының маңындағы Соколок каналының бөгетін жарып кетті, деп хабарлайды Sarbaz.kz 

Бұл туралы әлеуметтік желі мен TikTok, WhatsApp мессенджерінде видео жүктелді. Видеода каналдан су ағып жатқаны түсірілген.

Атырау облысының жедел штабынан мәлім еткендей, бүгін судың көптігі мен қатты желдің салдарынан Соколок каналы бойындағы бөгет бұзылған.

«Соколок каналы – Жайық өзені арқылы Атырау қаласына қарай ағып келетін мол суды реттеудің негізгі тармағы. Қаланы тасқын судан қорғау үшін канал бойындағы алғашқы бөгетке екінші қорғаныс нысаны салынған. Екінші қорғаныс бөгетінің беріктігін қамтамасыз ету мақсатында топырақ толтырылған қаппен нығайту жұмысы жүргізілді. Бөгеттің биіктігі Балтық жүйесінің деңгейіне сәйкес ұлғайтылды. Бұл учаскеде тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылып отыр. Қазір каналдағы бұзылған бөгетті қалпына келтіру үшін қосымша техникалар жіберілді», - деп хабарлады облыстық жедел штабтан.

Жайық өзеніндегі мол су Соколок каналымен Каспий теңізіне құйылады. 

×

Редакция

$ 450.79  482.21  5.05