Жайық суы тасыды: Атырау-Орал жолының 80-85-шақырым аралығы жабылуы мүмкін

Көлік жүргізушілеріне балама нұсқа ретінде облыстық маңызы бар Атырау-Индер тас жолымен жүру ұсынылып отыр.

Sarbaz.kz редакторы
23/05/2024 - 17:19

Фото: primeminister.kz

Фото: primeminister.kz

Атырау-Орал трассасының 80-85-шақырымының аралығы жабылуы мүмкін, деп хабарлайды Sarbaz.kz.

Атырау облысы әкімінің орынбасары Қайрат Нұртаевтың айтуынша, Жайық өзенінің суы арнасынан асқан. 

Осыған байланысты Атырау-Орал тас жолының 80-85-шақырымы аралығында жеңіл автокөлік қозғалысы бүгіннен бастап тоқтатылуы мүмкін.

Көлік жүргізушілеріне балама нұсқа ретінде облыстық маңызы бар Атырау-Индер тас жолымен жүру ұсынылып отыр.

Махамбет және Индер ауданының Жайық өзенінің оң жағалауында орналасқан елдімекендеріне қатынау үшін Махамбет-Ортақшыл ауылының маңындағы көпірден өтуге болады. 

×

Редакция

$ 498.34  519.72  4.85