Масаң күйдегі ер адамның басқаруындағы Kia Rio автокөлігін патрульдік полицейлер бейнебақылау инспекторларының нұсқауы бойынша тоқтатты, деп хабарлайды Sarbaz.kz.
«Жүргізуші автотұрақтардың біріне тоқтап, қолдан жасалған шегу құрылғысы арқылы есірткі затын қолданып, көлік жүргізуін жалғастырған. Бұл құқық бұзушылық көшедегі камераларға түскен», — деп жазады ІІМ.
Медициналық куәландыру нәтижесі ер азаматтың есірткілік масаң күйде екенін растады.
Заң бұзушы 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынып, 7 жылға көлік құралын басқару құқығынан айырылды.