«Алаңға шыққан адамдар ұсталған жоқ»: ІІМ Құлсарыда әкімдік алдына жиналғандар туралы айтты

Ішкі істер министрлігі Құлсары тұрғындарының аудандық әкімдік алдынан тарағанын хабарлады

Sarbaz.kz редакторы
22/05/2024 - 14:01

Фото: Kazinform

Фото: Kazinform

Ішкі істер министрлігі Құлсары тұрғындарының аудандық әкімдік алдына жиналғанына қатысты түсінік берді, деп хабарлайды Sarbaz.kz

«Алаңға шыққан адамдар тарады. Менің түсінуімше, конструктивті келісімге қол жеткізген секілді. Құлсарыда адамдарды ұстау болған жоқ. Орал қаласында да өтемақы талап еткен тұлғалар қамауға алынған жоқ», – деді Марат Қожаев Мәжіліс алаңында БАҚ өкілдерінің сауалына жауап беріп.

Бұған дейін Жылыой ауданы әкімдігі алдында бірнеше күн тұрған құлсарылық тұрғындардың тарағаны туралы хабарланған болатын.

×

Редакция

$ 498.34  519.72  4.85