Қазір Волчанск аймағында қала үшін қиян-кескі шайқас жүріп жатыр
Украина негізгі одақтасы – АҚШ берген қаруының арқасында Харьков облысында Ресейдің шабуылын тоқтатты. Бұл туралы Sarbaz.kz тілшісі Bild басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Аталмыш басылымның сарапшысы Джулиан Репкенің айтуынша, Ресей әскерінің алға жылжуы Харьков облысының солтүстігінде мемлекеттік шекараны кесіп өткеннен кейін 11 күннен соң тоқтап қалды.
Қазір Волчанск аймағында қала үшін қиян-кескі шайқас жүріп жатыр, бірақ оның айналасында ешқандай нәтиже жоқ.
Мұның себебі – Украинаның АҚШ берген жаңа қаруын қолдануы. GLSDB, ПТРК Javelin, 155 мм калибрлі артиллериялық снарядтар белсенді қолданылады.
Өткен дүйсенбі күні Ресей Федерациясының Қарулы күштері Украинада 67 бірлік броньды машинасынан айырылды. Алайда Ресей қолбасшылығы қауіптілігіне қарамастан, әскерін қанды майданға жіберуін тоқтатар емес, дейді сарапшы.