600-ден астам тұрғын зардап шеккен мүлікті бағалау туралы қорытынды алды
Құлсарыда 1 мың үй апатты деп танылды, деп хабарлайды Sarbaz.kz тілшісі Атырау облысының Төтенше жағдайлар жөніндегі жедел штабының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«1 мың үй апатты деп танылды», – делінген хабарламада.
21 мамырда 600-ден астам тұрғын зардап шеккен мүлікті бағалау туралы қорытынды алды.
«Су тасқынынан зардап шеккендерге арналған 150 үйдің құрылысы басталды. Құлсарыға 1 мың тоннадан астам гуманитарлық көмек жеткізілді. 105 тұрғын ақшалай өтемақы төлеуге келісімге қол қойды», – делінген хабарламада.
Сондай-ақ 1 мыңнан астам адам кеңес алғаны атап өтілді.
«20 мектепте ақшалай өтемақы алу мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Мәдениет үйінде ақшалай өтемақы алу туралы келісімдерге қол қойылады», – делінген хабарламада.