Иранда қаза болған президентті әлеуметтік желіде қорлағандар қамауға алынады

Иранның бас прокуроры қамауға алуға бұйрық берді

Sarbaz.kz редакторы
21/05/2024 - 15:27

Фото: BBC

Фото: BBC

Иранның бас прокуроры марқұм президент Ибрагим Раисиді интернетте келеке еткені үшін қылмыстық қудалауды күшейтуді талап етті. Бұл туралы Sarbaz.kz тілшісі BBC агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Иранның бас прокуроры Мохаммад Казем Мохавведи Азад тікұшақ апатында қаза тапқан марқұм президент Раисиге және басқаларға қарсы желіде «қорлау» постын жариялағандарды қамауға алуды бұйырды.

Ол президенттің өлімі расталғаннан кейін көп ұзамай дүйсенбіде қамауға алуды талап ете бастады.

Иранның үкіметшіл тұрғындары қайғырып пост жазды. Бірақ оппозицияшыл ирандықтар 1980 жылдардағы мыңдаған саяси тұтқынды өлім жазасына кесуге Раисидің қатысы барын және 2022 жылы үкіметке қарсы шерулерді күшпен басып-жаншуға бұйрық бергенін еске алды.

Кейбірі оның қайтыс болғанына қуанатынын жеткізді. Раисидің өлімі расталмас бұрын, кейбір ирандықтар отшашу атып, видеосымен бөлісті.

×

Редакция

$ 447.08  484.41  5.01