Биыл Қазақстанда 6 мың жол-көлік оқиғасы тіркелген. Салдарынан 542 адам қаза тауып, 7 мыңнан астам адам жарақат алды. Бұл туралы ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Қайсар Сұлтанбаев мәлімдеді, деп хабарлайды Sarbaz.kz.
Қайсар Сұлтанбаев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде жол апаттарының негізгі себептерінің бірі – жолдар мен инфрақұрылымның жай-күйі екенін айтты. Статистика бойынша жол апаттарының 84 пайызы елдімекендерде болады. Ал, жолда жүріп ажал құшатындардың төрттен бір бөлігі жаяу жүргіншілер.
Спикердің айтуынша, елде тек 250 жерүсті және жерасты жаяу жүргіншілер өткелі бар. Сондай-ақ әлі 600-ден астам бағдаршам орнату керек. Одан бөлек 25 мың жол белгісі жетіспейді.