Германияның сыртқы істер министрі Украинаға ескертусіз барды

Бұл Бербоктың Ресеймен соғыс басталғаннан бері Украинаға жетінші сапары болды

Sarbaz.kz редакторы
21/05/2024 - 12:15

Фото: Bild

Фото: Bild

Германияның сыртқы істер министрі Анналена Барбок Киевке хабарланбаған сапармен келді. Бұл туралы Sarbaz.kz тілшісі Bild басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Анналена Барбок қауіпсіздік мақсатында Украинаға ынтымақ сапарымен барды. Қызығы бұл сапар алдын ала хабарланбаған.

Германияның сыртқы істер министрі халықаралық қауымдастықты тез арада Украинаның әуе қорғанысына қолдауды күшейтуге шақырды.

«Украинаға ресейлік зымырандар мен ұшқышсыз ұшақтардан қорғану үшін шұғыл түрде көбірек әуе қорғанысы қажет», - деді министр.

Бұл Бербоктың 2022 жылдың ақпанында Ресеймен соғыс басталғаннан бері Украинаға жетінші сапары болды.

×

Редакция

$ 494.87  520.65  4.91