Иран президентінің қолы қанға малынған – АҚШ мемдепартаментінің өкілі

Иран президенті Ибрагим Раиси тікұшақ апатынан қаза болды

Sarbaz.kz редакторы
21/05/2024 - 10:55

Фото: EPA

Фото: EPA

Америка Құрама Штаттары Иран президенті Ибрагим Раисидің қайтыс болуына байланысты «ресми көңіл айтты». Дегенмен, баспасөз мәслихатында Мемлекеттік департаменттің өкілі Мэтт Миллердің оған қатысты жылы сөздерін айтқан жоқ. Бұл туралы Sarbaz.kz тілшісі BBC агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Ол Раисиді Иран халқының қысым көруіне себеп болғанын айтты. Сол сияқты мыңдаған адамның өліміне және адам құқықтарының барынша бұзылуына жауапты екенін айтты.

«Біз кез келген адамның өліміне қайғырамыз. Бірақ бұл ешнәрсені өзгертпейді... Оның қолы қанға малынған», - деді Мэтт Миллер.

Миллер сондай-ақ АҚШ-тың кейбір ирандық оппозициялық топтардың Раисидің өліміне қуанғанын білетінін және оларды түсінетінін айтты.

Айта кетейік, Иран президенті мінген тікұшақ 19 мамыр күні апатқа ұшырады. Бортта Ибрагим Раисиден бөлек өзге де мемлекеттік қызметкерлер, атап айтқанда, сыртқы істер министрі Хосейн Амир Абдоллахиан болды.

Алдын ала болжам бойынша, апатқа ауа райының қолайсыздығы себеп болған.

×

Редакция

$ 494.95  525.49  5.05