Ол Батыс елдерінің қолдауы бір жылға дейін кешігетінін айтты
Батыс елдері Киевке әскери қолдау көрсету туралы маңызды шешімдерді тым ұзақ қабылдайды. Бұл туралы Reuters агенттігіне берген сұхбатында Украина президенті Владимир Зеленский мәлім етті, деп хабарлайды Sarbaz.kz.
«Әрбір қабылданған шешім шамамен бір жылға кешігеді», - деді Зеленский Украинаға қару-жарақ пен оқ-дәрі жеткізуге қатысты жағдайға түсініктеме беріп.
Оның айтуынша, Ресейдің әуе шабуылына қарсы тұру үшін Киевке кем дегенде 120-130 жойғыш қару қажет.
«Дәл қазір бізді бұл қару-жарақпен қамтамасыз ете алмайсыздар ма? Жақсы. Көршілес НАТО елдерінің аумағында бар ұшақтарға тоқталайық. Оларды ұшырып, нысаналарға соққы беріңіз, бейбіт тұрғындарды қорғаңыз», - деді Зеленский.
Украина президенті одақтас елдердің Ресейге қарсы қорғаныс соғысына көбірек араласқанын қалайды.
«Бұл ерік-жігер мәселесі. Бірақ айналып келгенде бәрі бір-ақ нәрсені айтады, жағдайдың ушығып кетуінен қорқарды. Бәрі украиналықтардың өліп жатқанына үйреніп алды.
Зеленский өз сөзінде Киев Ресей аумағында ресейлік әскери техникаға соққы беру үшін Батыс елдерінің қаруын қолдану туралы серіктестермен келіссөздер жүргізіп жатқанын, бірақ әзірге мұндай жоспар бойынша келісім жоқ екенін айтты.
15-16 маусымда Швейцарияда өтетін жаһандық бейбітшілік саммиті туралы айта отырып, Зеленский шараға мүмкіндігінше көп елдерді жинау қажеттігін айтты.
«Міне осыдан кейін ғана Ресей Украинаның алдында емес, әлемнің көптеген елдерінің алдында жауап беруі керек болады», - деді ол.
Зеленский сөз арасында Қытайдың саммитке қатысуының маңыздылығын атап өтті.
«Саммиттен кейін кімнің соғысты тоқтатқысы келетіні және кім Ресей Федерациясымен берік қарым-қатынасты сақтағысы келетіні белгілі болады», - деді Украина басшысы.
Президент сондай-ақ соңғы бірнеше айдағы әскери сәтсіздіктерге қарамастан, Украина әлі де соғыста жеңіске жете алатынын атап өтті.
«Қазір жұрт «жеңіс» сөзін сенімсіздікпен қабылдаса да, біз осы жолмен соңына дейін барып, жеңіске жетуіміз керек», - деді ол.
Сонымен қатар. Ресей әскерінің Харьков облысындағы шабуылына түсініктеме бере отырып, Зеленский жағдай қазірдің өзінде бақылауда екенін айтты.