Прокуратура әлеуметтік желілердегі тыйым салынған жарнамамен күресіп жатыр
Әлеуметтік желілердің мониторингі барысында облыс прокуратурасы Telegram мессенджері арқылы Маңғыстау облысының аумағында жалған купюралар, қару-жарақ, есірткі және психотроптық заттарды сату сияқты заңсыз фактілерін анықтады. Бұл туралы Sarbaz.kz тілшісі облыстық прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Заңсыз қызметтің жолын кесу мақсатында облыс прокуратурасы цифрлық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті органмен бірлесіп 16 Telegram-арналарға қолжетімділікті шектеді.
«Бұл бағыттағы жұмыс жалғасуда және азаматтардан әлеуметтік желілерде қылмыстық белсенділік анықталған жағдайда құқық қорғау органдарына хабарласуларын сұраймыз», - делінген хабарламада.