Ердоған Иран президентінің қазасына байланысты Түркияда қаралы күн жариялады

Түркияның Bayraktar Akinci дроны Иран президентінің денесін табуға көмектесті

Sarbaz.kz редакторы
21/05/2024 - 09:38

Фото: aa.com.tr

Фото: aa.com.tr

Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған Иран президенті Ибрагим Раисидің қайтыс болуына байланысты Түркияда қаралы күн жарияланғанын айтты. Бұл туралы Sarbaz.kz тілшісі BBC агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

«Үкімет отырысында Иран халқының ауыр қайғысын бөлісу үшін елімізде аза тұту күнін жариялау туралы шешім қабылдадық. Біз ирандық бауырларымызға тағы да көңіл айтамыз», - деді Ердоған.

Түркия билігі жексенбі күні тікұшақ құлаған жерді анықтауға көмектесу үшін апат аймағына Bayraktar Akinci дронын жіберді.

«Ирандық бауырларымыздың өтініші бойынша Akinci іздеу-құтқару операциясына белсенді түрде қатысып, қолайсыз ауа райына қарамастан 7,5 сағатта 2100 шақырымды бағындырды», - деді Ердоған.

Айта кетейік, Иран президенті мінген тікұшақ 19 мамыр күні апатқа ұшырады. Бортта Ибрагим Раисиден бөлек өзге де мемлекеттік қызметкерлер, атап айтқанда, сыртқы істер министрі Хосейн Амир Абдоллахиан болды.

Алдын ала болжам бойынша, апатқа ауа райының қолайсыздығы себеп болған.

×

Редакция

$ 494.87  520.65  4.91