Қорғаныс министрі Әуе қорғанысы күштерінің құрылғанына 25 жыл толуымен құттықтады

Құттықтау хабарлама жарияланды

Sarbaz.kz редакторы
18/08/2023 - 17:37

Фото: Қорғаныс министрлігі

Фото: Қорғаныс министрлігі

Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов ҚР ҚК Әуе қорғанысы күштерінің құрылғанына 25 жыл толуымен құттықтады, деп хабарлайды Sarbaz.kz.

«Құрметті сарбаздар мен сержанттар, офицерлер мен генералдар! Қадірлі ардагерлер!

Сіздерді Қазақстан Республикасы Қарулы күштері Әуе қорғанысы күштерінің құрылғанына 25 жыл толуымен шын жүректен құттықтаймын!

Осы жылдар аралығында Әуе қорғанысы күштерінің жеке құрамы елдің қорғаныс қабілетін нығайтуға, Отанымыздың әуе шебін қорғауға айтарлықтай үлес қосты.

Бүгінде жауынгер авиаторлар, зениттік зымыраншылар мен радиотехникалық әскерлердің мамандары ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде оқу-жауынгерлік міндеттерді абыроймен орындап келеді.

Әуе қорғанысы күштерінің жеке құрамы алға қойылған міндеттерді шешуде өзінің бар күш-жігерін, білімі мен іскерлігін арнап, әскери борышты орындауда әрдайым үлгі болатынына, аға буынның даңқты жауынгерлік дәстүрлерін жалғастыра беретініне сенімдімін.

Сіздердің баршаңызға зор денсаулық, мол бақыт, жауынгерлік шеберлікті арттыруда, туған Отанымыз – Қазақстан Республикасының игілігі үшін әскери борышты орындауда табыс тілеймін!» – деп жазды Қорғаныс министрі.

Айта кетейік, Қарулы күштердің бұл түрі Мемлекет басшысының 1997 жылғы 17 қарашадағы «Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін реформалау жөніндегі бұдан былайғы шаралар туралы» Жарлығы мен Қорғаныс министрінің 1998 жылғы 1 сәуірдегі директивасы негізінде құрылған болатын. Ал 18 тамыз Әуе қорғанысы күштері бас қолбасшысының бұйрығымен айқындалған.

Тегтер

×

Редакция

$ 476.27  515.47  5.41