Украинада аяғы ауыр әйел соғысқа аттанып кеткен – Bild

Ол – Запорожье облысының Бердянск қаласынан

Sarbaz.kz редакторы
20/05/2024 - 17:25

Фото: Telegram / BILD / видеодан скриншот

Фото: Telegram / BILD / видеодан скриншот

Украинада аяғы ауыр 27 жастағы Любовь Конаваленко елін қорғау үшін қақтығыс жүріп жатқан Донбасқа аттанған. Бұл туралы Sarbaz.kz тілшісі Bild басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Ол – Запорожье облысының Бердянск қаласынан. Өзінің айтуынша, 2014 жылы 17 жасында фельдшер болу үшін оқуын тастап, «Оң секторға» ерікті болып аттанған. Құрбысына қонаққа барамын деп ата-анасын алдауға мәжбүр болыпты.

Басылымның жазуынша, майдан аймағында ғашық болып, сол жерде тұрмысқа шығып, жүкті болған. Жүктіліктің сегізінші айына дейін ол Славянск маңындағы бекіністерде болған. Босанғаннан кейін төрт ай өткен соң ұлын тастап, тағы бір жыл соғысқа аттанып кетеді.

Ал күйеуі Евгений Луганск облысында 2018 жылдың қарашасында қайтыс болды. Ол кезде Любовь екінші баласына жүкті болатын.

2022 жылдың көктемінде ол қайтадан Украина қарулы күштерінің қатарына қосылып, шабуылға шығып, майдан шебінде жаралыларға көмектесті. Оның отбасы оккупацияланған Бердянсктен Батыс Украинаға бассауғалап кеткен.

×

Редакция

$ 494.87  520.65  4.91