Иранда президент қайтыс болса, елді кім басқарады?

Ибрахим Раиси 2021 жылы президент болып сайланған

Sarbaz.kz редакторы
20/05/2024 - 15:23

Фото: Reuters

Фото: Reuters

Иранда егер президент өз лауазымында қайтыс болса, Ислам Республикасы конституциясының 131-бабында бірінші вице-президент, яғни Мохаммад Мохбер, Жоғарғы Көшбасшы Аятолла Әли Хаменеидің мақұлдауымен қызметіне кіріседі деп жазылған. Бұл туралы Sarbaz.kz тілшісі Reuters агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Конституцияда құрамында бірінші вице-президент, парламент спикері және сот билігінің басшысы бар кеңес 50 күннен аспайтын мерзімде жаңа президентті сайлауды ұйымдастыруы керек.

Ибрахим Раиси 2021 жылы президент болып сайланған, ал келесі президенттік сайлау 2025 жылы өтуі тиіс.

Конституциялық ережелерге сәйкес, бұл енді шілде айының басында болуы мүмкін.

Айта кетейік, тікұшақ апаты 19 мамырда болды. Бортта Раисиден бөлек өзге де мемлекеттік қызметкерлер, атап айтқанда, сыртқы істер министрі Хосейн Амир Абдоллахиан болды.

Алдын ала болжам бойынша, апатқа ауа райының қолайсыздығы себеп болған.

×

Редакция

$ 494.87  520.65  4.91